Зайсандық спортшы әлем кубогінде жеңіс тұғырынан көрінді
Норвегия елінің Лофтхус қаласында Армрестлингтен Әлем кубогы өтіп жатыр. Жерлесіміз зайсандық спортшы Манарбек Ботагөз байрақты бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінді.
Армрестлингтен Әлем кубогы 2024 жылдың қаңтар айының 31 күні басталған, ақпан айының 6-на дейін жалғаспақ. Аталған әлем кубогында жерлесіміз 55 кг салмақта ІІ орын иеленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жеңіс тұғырынан көрінген спортшының жерлестері де қуанып жатыр. Спортшы - Зайсан ауданы Қайнар ауылының тумасы.
– Аталған байрақты бәсекеге Қайнар ауылының тумасы «Бұқаралық спортты дамыту орталығының» түлегі, Шығыс Қазақстан обылысының құрама команда мүшесі Манарбек Ботагөз ел намысын қорғап құрыш білекті спортшымыз 55 кг салмақта ІІ орын иеленді. Алғашқы жаттықтырушысы Досбосынов Ермек, қазіргі таңдағы жаттықтырушысы Алипов Асхат Өскемен қаласы Олимпиец спорт кешенінде дайындайды. Жерлестерімізді құттықтаймыз! Алдағы байрақты бәсекеде жеңіс тұғырынан көрініп, Әнұранымызды шырқатып жүлделі бола беруін тілейміз!, – деп жазды Зайсан ауданының әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оқи отырыңыз