Жел және боран: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: poembook.ru
"Қазгидромет" синоптиктері 7-8 ақпанда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Болжам бойынша, Скандинавия аймақтарынан ауқымды циклон Қазақстан аумағының басым бөлігін қамтиды, тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады, еліміздің солтүстік-батысында және солтүстігінде қалың қар жауады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғып, бұрқасын болады.
Астанада 7 ақпанда көшпелі бұл шығады, таңертең және түстен кейін жауын-шашын (мұзды жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батысқа ауысатын жел екпіні секундына 15-20 метр, күндіз секундына 23-28 метр. Түнде ауа температурасы 5-7 градус аяз, күндіз 1 градус аяз - 1 градус жылы.
Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел секундына 2-7 метр екпінмен соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.
Жанаргүл Мұқатай