KZ
Өскемен
-21°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
522.42 543.89 5.28

Құтқарушылар жүкті әйелді ауруханаға жеткізуге көмектесті – ШҚО

22.02.2024, 11:46 154

Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты ауруханаға жете алмай қалған жүкті әйелге көмекке келді.


Шұғыл медициналық көмек керек болған тұрғынды Серебрянск қаласындағы аурухағана жеткізу қажет болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

-    Әйел адамды бұрқасын жел салдарынан ауруханаға жеткізу мүмкін болмаған. 10 шақырымдай жүргеннен кейін артқа қайтуға мәжбүр болдық. Осылайша, құтқарушылардың көмегіне жүгіндік, - дейді Жаңа Бұқтырма кентінің фельдшері Сәуле Дүйсенеева.

Алтай ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен аудандық ауруханың дәрігерлері Жаңа Бұқтырма кентіне дейін жоғары өтімді көлікпен жолға шыққан. 

-    Жас ана перзентханаға аман-есен жеткізіліп, қызын дүниеге әкелді. Қазір екеуінің де денсаулығы жақсы. Бүгінде үйге шығарылған. Құтқарушылар осындай төтенше жағдай кездері үнемі жедел жәрдем қызметкерлеріне қолдау көрсетіп отыратынын атап өткім келеді, - дейді Серебрянск қаласы ауруханасының бас дәрігері Сәтбек Борбасов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу