KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Сирек кездесетін ауруға шалдыққан балалардың дәрі-дәрмегіне ақша бөлінеді - ШҚО

6.03.2024, 14:37 136 Қуаныш Рахметоллаұлы

Биыл Шығыс Қазақстанда сирек аутоиммунды аурулары бар балаларды дәрілік препараттармен қамтамасыз етуге 4,4 миллион теңге қаражат қарастырылып отыр. 
Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Фархад Бельбеев мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Айта кету керек, аутоиммунды аурулар ол – иммунитет әсерінен туындайтын дерт. Адам ағзасындағы иммундық қызметі белгісіз себептермен қажетті жасушаларды қауіпті деп есептейді және оны жоюға тырысады. Осының салдарынан адамның ағзасы ауруға ұшырайды.

Басқарма басшысының айтуынша, Риддердегі 200 төсек-орынға арналған стационары және 500 адам қабылдайтын емханасы бар көпбейінді аурухана кешенінің құрылысын жалғастыруға 600 миллион теңге бөлінген. Бұған қоса аталған аурухана кешеніне республикалық бюджеттен 18 миллиард теңге қаржы қарастырылыпты. 

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев жаңа медицина мекемесі қолданысқа  берілгенге дейін ескі ғимаратта ем-дом қабылдап жатқан науқастарға барынша қолайлы жағдай жасау қажет екенін ерекше атап өтті.  

Сонымен қоса өңірімізде әлеуметтік қызмет көрсететін  «Жанұя» отбасын қолдау орталығын ашуға және оны ұстап тұруға - 175,9 млн теңге, Самар ауданында халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығын ашуға 78 миллион теңге қаржы бөлінгенін айта кеткен абзал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив