KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 3 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Тариф пен төлем мөлшері арасындағы айырмашылықты мемлекет субсидиялайды

Фото: zhaikpress.kz

26.03.2024, 16:11 97 Айжанат Бақытқызы

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі халықты қолдау үшін ауыз суды арзандату бойынша маңызды шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Су кодексіне сәйкес, мемлекет аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру  қызметтерінің құнын ішінара субсидиялайды. Яғни, тариф пен төлем мөлшері арасындағы айырмашылықты (суды есепке алу құрылғысымен – текше метр үшін 45 теңге; құрылғысыз – текше метр үшін 60 теңге) мемлекет субсидиялайды.
ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша, субсидия су шаруашылығы ұйымдарына белгіленген су тұтыну лимиті шегінде ауыз су беру бойынша нақты көрсетілген қызметтер үшін төленеді.

-    Елде тиісті есептеу құралдары болған жағдайда бір адамға субсидиялау бойынша нормативтік шектеу белгіленген. Бұл халықты суға ұқыпты қарауға ынталандыру мақсатында жасалып отыр. Осылайша, көрсетілген нормадан асып кеткен жағдайда тұтынушы сумен жабдықтау қызметтері үшін толық тариф бойынша төлейтін болады, - дейді ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, ауыз су қызметтерін субсидиялау белгілі бір қаржылық шығындарды талап ететіні белгілі, дегенмен бұл судың қол жетімділігі мен әлеуметтік әділеттілік мәселелерін шешудің маңызды құралы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив