KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
442.05 474.14 4.74

ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін

Фото: traveloffpath.com

18.04.2024, 12:45 37 Айжанат Бақытқызы

«Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының ақпараты бойынша, 18 сәуірден 22 сәуірге дейінгі аралықта қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты өңірдің таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдай департаментінің мамандары бұл уақытта тауға барудан бас тартуға кеңес береді.  

«Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз немесе құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда, ұялы телефоннан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір «112-ге» хабарласыңыз»,-делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив