ШҚО-да медициналық туризмді дамыту қолға алынды
фото: kapitosha.net
Облыстық онкология және хирургия орталығының базасында медициналық туризмді дамыту қолға алынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өңірдегі сала мамандары Қазақстан медициналық туризм қауымдастығының өкілдерімен жұмыс істеп, жобаның бизнес-жоспарын әзірленген. Қазір жобаны басқа да медициналық ұйымдармен үйлестіру жұмыстары жүргізілуде.
– Біз еліміздегі ең жоғары технологиялық және эксклюзивті медициналық қызметтерді ұсына аламыз. Бұл тұрғыда тіпті шетелдердегі медициналық орталықтарымен бәсекелесе аламыз, – деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.
Еске салайық, бұған дейін Шығыс өңірінде ауыл туризміне ерекше көңіл бөлінетіні жаздық.
Оқи отырыңыз