Жер сілкінгенде не істеу керек? ТЖД мамандары кеңес берді (видео)
шартты сурет: depositphotos.com
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға үндеу жасап, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Жер сілкінісі кезінде ғимараттан шығып, төтенше жағдайда алдын ала белгіленген қауіпсіз орынға – стадион, футбол алаңы сынды ашық алаңға шығу керек. Құрылыс маңына, электр желілеріне, биік ағаштардың қасына жоламау керек», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ жойқын жер сілкінісі кезінде халықты қабылдау бөлімшелеріне барып тіркелу керектігі де айтылған. Мұнда сіз қажетті көмек алуға құқылысыз.
Оқи отырыңыз