Такси жүргізушілеріне талап күшейеді

Фото: inbusiness.kz
ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер InDrive және Яндекс Go-мен жолаушыларды тасымалдаудан шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталған шараларды ҚР Көлік министрлігі мен inDrive, Яндекс Go арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүзеге асыру көзделіп отыр.
Осылайша, қосымшаны пайдаланушы адамның берген бағасы мен жалпы рейтингке сүйене отырып, жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер жолаушылардан келіп түскен тапсырыстарды орындаудан уақытша немесе мүлдем шеттетілуі мүмкін.
«Биыл екінші тоқсанның соңына қарай мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке қажеттіліктері мен кішкентай балаларға арналған орындықтарға қатысты ақпаратты көрсетуге мүмкіндік беретін қосымша функцияны енгізу жоспарда бар»,-делінген ведомство хабарламасында.