KZ
Өскемен
-11°
плотный туман жел 3 м/с, СШ
498.69 522.23 5.79

ШҚО мешіттерінде Рамазан айына дайындық жүріп жатыр

Бүгін, 16:10 75 Әбішев Ержан

Рамазан – рухани тазару, сабыр мен қайырымдылық айы, ол қоғамдағы бірлік пен ізгілік құндылықтарын нығайтады. Бұл айда мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, рухани құндылықтарды қолдау күшеюге тиіс. Қазіргі уақытта ШҚО мешіттерінде Рамазан айына дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің ғалымдарымен ақылдаса отырып, биылғы Рамазан айының басталу күнін белгіледі. Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал Қадір түні 26-27 наурызға қараған түні өтеді. 30 наурыз күні Ораза айт мерекесі тойланады.

– Биылғы пітір садақаның мөлшері 655 теңге деп бекітілді. Бұл 2 келі ұнның орташа бағасына негізделіп есептелген, ол мұқтаж жандарға көмектесу үшін беріледі, – деді ШҚО бас имамы Думан Сайфуллин Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

ҚМДБ-ның fatua.kz ресми сайты мен арнайы Muftyat.kz сайтының Telegram-боты арқылы Рамазанға қатысты сұрақтарға жауап алуға болады. Сонымен қатар мешіттерде арнайы сұрақ-жауап бөлімдері жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу