KZ
Өскемен
+33°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
474.83 515.38 5.5

ТЖМ тұрғындарға ескерту жасады

Фото: qazreiting.kz

11.06.2024, 09:58 75 Айжанат Бақытқызы

Өрт-тілсіз жау. Әсіресе, қазіргідей аптап ыстықта өрт  қаупі жоғары екендігі белгілі. Осы орайда Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Орманға барған кезде өрттің алдын алу үшін:

Толық сөнбеген сіріңкені, темекі тұқылын немесе басқа да өртенуі мүмкін заттарды орманға тастамаңыз.

Қалың бұталар мен жапырақты жағудан немесе мангалға от жағудан аулақ болыңыз, өйткені бұл үлкен өрттің шығуына әкеліп соғуы мүмкін.

Ыстықта шыны заттарды күн астына қалдырмаңыз.

Орман өртінің алдын алу үшін құрғақ шөпті жағуға болмайды.

Өрт шыққан жағдайда 101 және 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив