Полицейлер веложүргізушілерге үндеу жариялады – Өскемен
![](/kz/uploads/posts/2024-06/izobrazhenie-whatsapp-2024-06-14-v-11_31_06_38ccf802.webp)
Фото: depositphotos.com
Өскемендік полиция қызметкерлері велосипедшілерге жол ережесіне мұқият болуды ескертті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Құрметті веложүргізушілер, жолда мұқият болып, жаяу жүргіншілер жолағымен көліктің жоқ екенін тексергеннен кейін өтіңіздер. Түнгі уақытта көшеге шықсаңыз велосипедіңізді жарықпен жабдықтаңыз, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, өткен аптада Сәтпаев даңғылында велосипед мінген жасөспірімді көлік қағып кеткен болатын.Кәмелетке толмаған бала дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылған еді.
Оқи отырыңыз