KZ
Өскемен
-23°
плотный туман Штиль
518.14 537.57 5.27

Елордалық оқушылар мен студенттердің жазғы демалысы ұзартылуы мүмкін

Фото: tuganaylar.ru

24.06.2024, 21:07 126 Анель Слямғазықызы

Астана қаласының оқушылары мен студенттері үшін оқу жылының басталу уақыты V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне байланысты шегерілуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Вице-министрдің айтуынша, қазір Оқу-ағарту министрлігімен және Ғылым және жоғары білім министрлігімен келіссөздер жүргізілуде.

-    Бұл арада екі жағдайдың нұсқасы бар: біз не Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарындағы мектептерді онлайн оқыту форматына ауыстырамыз немесе оқу кезеңінің басталу уақытын Астана бойынша шегеріміз. Біз мәселені қазір қызу талқылап жатырмыз, келесі аптада нақты шешім қабылдауымыз керек, – деді Серік Жарасбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу