KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
477.45 527.1 5.24

Биыл он мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады – ШҚО

шартты сурет: depositphotos.com

13.08.2024, 10:57 121 ALTAINEWS

Шығыс өңірінде 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаты қабылданып жатыр. Бұл үдеріс 31 тамызға дейін жалғасады.

Жалпы биыл жоспар бойынша 9679 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Бүгінде 8922 баланың өтініші қабылданды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ал балалардың оқуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстары жалғасуда. Облыста апатты және үш ауысымды мектептер жоқ. Дегенмен 4879 орын тапшылығы бар. Биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыс орталығында 600 орындық мектеп салынатынын айта кетуіміз керек. Сонымен қатар Зайсан қаласында 300 орындық, Жаңа Бұқтырма кентінде 200 орындық мектеп бой көтереді.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023 жылдан бастап 3000 орындық 7 мектептің (Өскемен қаласында 1500 орындық 3 мектеп, Риддер қаласында 600 орындық мектеп, Шемонаиха қаласында 300 орындық мектеп, Глубокое ауданында 600 орындық 2 мектеп) құрылысы жалғасуда», - деп мәлімдеді облыстық білім басқармасынан.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив