KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
477.62 527.67 5.25

Гранттан қағылған талапкерлер қайда хабарласуы керек?

фото: depositphotos.com

20.08.2024, 18:06 143 ALTAINEWS

Қазақстанда жоғары оқу орындарында білім алу үшін грант жеңіп ала алмаған талапкерлер үшін байланыс орталығы іске қосылды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.

«2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлердің грант иегері атануы үшін қосымша мүмкіндіктер жөнінде ақпарат ұсыну мақсатында call-орталық жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

Call-орталық арқылы талапкер қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат ала алады:

8 (7172) 69-50-69;

8 (7172) 69-52-92;

8 (7172) 69-50-71.

Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив