ШҚО-да монша өрті азаймай тұр

Фото: ҚР ТЖМ
Тамыз айының басынан бері Шығыс Қазақстанда төрт монша өрті тіркелген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, өткен аптаның өзінде екі монша өртенген.
Мамандардың айтуынша, көп жағдайда өртке түтін құбырларының ластанып, бітелуі себеп болады. Құбыр ішінде күйік пен күйе жиналып, мұның бәрі оның шамадан тыс қызуына әкеліп соғады. Пеш пен түтін жолын дұрыс орнатпау да өртке әкеледі екен.
Сонымен қатар монша иелері көбінесе қауіпті әрлеу материалдарын пайдаланатын көрінеді. Мысалы, бу бөлмесін жылу шағылыстыратын фольгамен оқшаулау жиі кездесетін тәртіп бұзушылық болып табылады. Бұған қоса электр сымдары мен розеткалардың дұрыс орнатылмауы аса қауіпті.