KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қулықтың құрбаны болғандар кімдер?

26.08.2024, 17:34 135 Жанаргүл Мұқатай

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаменті қаржылық пирамидаларға қарсы атқарып жатқан шаралар нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды, Altainews kz. тілшісі.  

Биылғы жылы облыста   республика аумағында қызмет еткен 2 қаржы пирамидасының «Chia Tai-Tianqing Pharmaceutical» және «Eolus» құрылымдық бөлімшелерінің қызметі тоқтатылған.

Салымшылардың қаражаты фармацевтикалық компания мен шет елдердің аумақтарында жаңартылған энергия көздерін инвестициялау пакеттерін салып алу түріндегі компанияға инвестиция ретінде тартылған.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаменті басшысының орынбасары м.а Еркебұлан Мусиннің айтқанындай, қаржы пирамидасының құрбандары облысымыздың төмен табыс табатын, денсаулық сақтау, білім саласында қызмет ететін азаматтар, зейнеткерлер және тағы басқа әлеуметтік осал топ өкілдері.

Аталаған қаржы пирамидаларына кінәлі азаматтардың әрекетінен 400 млн. теңгеден жоғары ақшалай қаражат салған 250 азамат тартылған.
Сот үкімімен кінәлі тұлағалар жазаланған.

- Департамент қаржы пирамидаларын құруға азаматтардың төмен құқықтық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығы ықпал ететінін ескере отырып, тұрақты түрде превентивтік жұмыс атқарады. Инвестициялық немесе қаржылық компаниялардың атын жамылып, тез және жоғары кіріс табуға уәде беріп, азаматтардың қаржыларын тартумен айналысады. Ал шын мәнінде, қаржы пирамидаларының қатысушыларына қаражат жаңа салымшылардан келіп түскен ақша түрде төленеді. Бұл ақша жаңа салымшылардың ақшасы жеткенше жалғасады, содан кейін жүйе бұзылып, көптеген азаматтарға шығын келеді және қаржы институттарына деген сенімді азайтады. Қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру және оған басшылық ету,  сонымен қатар бұл қызметтің жарнамасы үшін ҚК-тің 217, 217-1 баптарымен қылмыстық жаза қарастырылған. Бұдан басқа, қаржы мониторингі Агенттігі Telegram мессенджерінде «BAIQA piramida» чат-ботын әзірледі, ол қазақстандықтарға өздерін қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғауға көмектеседі.  Осы чаттың арқасында компанияның қаржы пирамидаларына қатыстылығы немесе осындай тәуекелдің болуы туралы ақпарат пайда болуы үшін табыс табуды немесе оның сайтына, парақшасына немесе әлеуметтік желілердегі тобына сілтеме ұсынатын компанияның БСН енгізу жеткілікті. Қаржы пирамидаларымен күрес мемлекеттік органдардың ғана емес, азаматтардың да бірлескен күш-жігерін талап ететінін атап өткім келеді, -дейді Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаменті басшысының орынбасары м.а Еркебұлан Мусин.

Қаржылық мониторингі Агенттігі және оның аумақтық департаменттері «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатын ұстана отырып, әрқашан жұртшылыққа ашық және қойылған міндеттерді, оның ішінде қаржы пирамидаларымен күресте бірлесіп шешу жөніндегі азаматтық қоғамның бастамасын қолдайды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаменті қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтармен белсенді күресті жалғастыра отырып, азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

Қаржы пирамидаларының заңсыз қызметінің барлық фактілері туралы қаржы мониторингі жөніндегі органдардың сенім телефонына (8 7172 29-56-51) хабарлауға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу