KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, С
479.38 531.63 5.27

Бір қабатты Шығыс: Катонқарағайда құрылыс жұмыстары қарқынды

29.08.2024, 17:15 76 Айжанат Бақытқызы

Катонқарағай ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биыл ауданда өңірлік бағдарлама бойынша жалпы ауданы 1755 шаршы метр 24 пәтерлік ( 12 екі пәтерлі) үй салу жоспарланған.

Оның ішінде көп балалы отбасылар үшін жалпы ауданы 425 шаршы метр бес пәтер (бір пәтердің ауданы 85 шаршы метр), жетім балаларға үшін жалпы ауданы 1330 шаршы метр 19 пәтер беріледі.

Айта кетсек, 2024 жылы 27 мамырда Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты мен «Qurylys BD» ЖШС арасында 12 екі пәтерлі үй салуға меморандумға қол қойылған болатын.

Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Нысанда 40 адам жұмыс істейді және 5 техника жұмылдырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив