KZ
Өскемен
плотный туман жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

Ержан Аязбаев: Жол сапасы – көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе

шартты сурет

2.09.2024, 18:00 120 Оразай Жеңісұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында елдегі жол-көлік оқиғалары мен жол мәселесіне ерекше көңіл бөліп, жол сапасын жақсартуды басты міндеттердің бірі ретінде атап өтті. Бұл нағыз көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе деп ойлаймын.

Ел Президенті өз Жолдауында:

– 2,5 мың шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырамын. Әрине, мұнда саннан гөрі сапа маңыздырақ. Сол үшін инновациялық заманауи әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданған абзал. Бұл жұмысқа қоғамдық бақылауды күшейту үшін бірыңғай цифрлық платформаны іске қосқан жөн. Онда барлық жолды, соның ішінде, қала аумағындағы жолдарды салуға және жөндеуге қатысты ақпарат болуы керек», – деді.

Қазіргі таңда Жол активтері сапасының ұлттық орталығы сынақ зертханасының жұмысын автоматтандыру және цифрландыру үшін «KazRoadLab» инновациялық жүйесін қолдануда. Бұл жол-құрылыс материалдарының зертханалық сынақтарының нәтижесін электронды форматта көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда аталған ұлттық орталық барлық саланы автоматтандыруды кешенді түрде жүргізіп жатыр. Зертханашыларда қалам, дәптер, журнал орнына планшет пайдаланылады. Битум, керн және басқа жол құрылыс материалдарын сынау нәтижесінің деректері «KazRoadLab» электрондық базасына енгізілген. Барлық сынақ есебі осы дерекқорда сақталады. Жүйенің артықшылығы, тест нәтижесіне адами фактор ықпалын болдырмау мен сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту. Инженер сынама алған кезден бастап: оның қай жерде тұрып, жұмыс жасап жатқанынан бастап, жазбалары толықтай планшетке түседі. Ол цифрлы код арқылы Орталыққа нақты мәлімет болып келеді.

Жалпы Жолдауда жол мәселесінің ерекше аталғаны жөн болды деп ойлаймын. Жолды салушы тарап та, салдырушы тарап сапаға мән беріп, ел игілігі үшін жасалып жатқан іс екенін естен шығармауға тиіс.

Ержан Аязбаев,

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы

ШҚО филиалының директоры

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив