KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
478.96 533.03 5.22

«Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон бәйгесі басталды

Фото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы

3.09.2024, 11:04 93 Айжанат Бақытқызы

Марафоншылар Ботай қонысынан Астана қаласына дейін 500 шақырым жол жүреді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ақпараты бойынша,  
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон бәйгесі басталды.

Жорыққа Түркия, Оңтүстік Африка Республикасы, Иран, Мажарстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Қазақстан және тағы басқа мемлекеттерден 18 команда аттанды. Оның ішінде Қазақстанның атынан Адай, Әулиеата, Найман, Жетісу арғымағы, Қостанай, Көшім жылқы тұқымдарымен 9 құрама бас жүлдеге таласады.

«Қатысушылардың қатарында қыздардан құралған бірнеше команданың бар екенін атап өткен жөн. Шабандоздар Ботай қонысынан Астана қаласына дейін 500 шақырымды еңсеруі керек. Бұл – нағыз азаматтар мен қазанаттардың сыналар сәті. Соңғы жылдары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен ұлттық спорт саласы қарқынды дамып келеді. Мұның айқын дәлелі – еліміз үшін абыройлы дода – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Ендеше, ел намысын қорғайтын спортшыларымыз көк туымызды желбіретіп, жеңіс тұғырынан көрінсін», – деді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив