Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері қандай?
сурет: freepik.com
Базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 210,4 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сілтеме жасап.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 343 мың адам.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге.
Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.