KZ
Өскемен
+2°
плотный туман жел 1 м/с, З
520.48 574.61 6.06

Нұрымбет Сақтағанов: «Өңдеу өнеркәсібін дамыту – экономикалық өсімнің негізі»

3.04.2025, 14:30 193 Төлеуғазы Жансая

Шемонаиха ауданында жаңа сүт өңдеу зауыты – «Сивер Плюс» ЖШС өз жұмысын бастады. Бұрынғы май зауыты қайта жаңғырып, өндірістік дәстүрлерін сақтап қана қоймай, жаңа брендті де ұсынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі кәсіпорынның технологиялық процесімен және даму перспективаларымен танысты. Ол мұндай жобалардың өңір экономикасы үшін маңызын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай бастамалар азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға да ықпал етеді.

Жобаны кәсіпкер Андрей Белицкий басқарады. Ол алғашқы өнім партияларын шығарды. Кәсіпорын заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген: төрт ашыту қазандығы, сүзбе жасау ваннасы, пастеризация қондырғысы және сүтті өңдеуге арналған басқа да жүйелер орнатылған. Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 30 тонна сүт өңдеуге жетеді, ал жылдық өнім көлемі 250 тоннаға жоспарланған. Кәсіпорын ассортиментінде қышқыл сүт өнімдері бар, олар Қарағанды облысы мен Өскемендегі сауда желілеріне жеткізілмек.

Жақын арада мұнда шамамен 20 жаңа жұмыс орны ашылады, бұл аудан үшін шағын және орта бизнестің дамуы тұрғысынан маңызды қадам.

– Бұл жоба Кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай кешенді бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қолдаудың өңір үшін маңызды өндірістерді іске қосуға қалай көмектесетінінің тағы бір айқын үлгісі, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Өңір басшысы өңдеу кәсіпорындарын дамыту Шығыс Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Мұндай өндірістердің іске қосылуы өңірлік кәсіпкерліктің дамуына серпін беріп, импортқа тәуелділікті төмендетуге және жергілікті бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

– Өңдеу кәсіпорындарының дамуы – бұл тек дүкен сөрелерінде жаңа өнімдердің пайда болуы ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау, халықтың жұмыспен қамтылуы және жалпы өңір экономикасының өсуі. Біз осындай бастамалардың дамуына барынша қолдау көрсетеміз, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Дамир Омаров

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу