ШҚО-да Халықаралық құстарды қорғау күніне орай арнайы іс-шара өтті
Бүгін Халықаралық құстарды қорғау күніне орай, Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды басқармасының "Өскемен орман шаруашылығы" Тарханка орманшылығы арнайы іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Орманшылар құстарға арналған ұялар мен жемсауыттар жасап, оларды Үлбі жағасындағы орманды ортаға орнатты.
"Халықаралық құстарды қорғау күні" жыл сайын 1 сәуірде аталып өтетін экологиялық мереке. Бұл күн ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" биологиялық бағдарламасы аясында белгіленген.
Естеріңізге сала кетейік, Өскемен қалалық білім бөліміне қарасты "Оқу-зерттеу экобиоорталығының" ұйымдастыруымен өткен "Сәлеметсіңдер ме, құстар!" атты қалалық экологиялық-орнитологиялық акцияға шаһардағы бірнеше мектептің оқушылары қатысты. Өңірде мұндай экологиялық бастамалар соңғы 15 жыл бойы тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұны кезінде жас натуралистер бастаған істің жалғасы деуге болады. Ал соңғы бес жылда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен бұл акцияны Тарханка, Бобровка, Өскемен орманшылықтарында өткізіп келеді.
Айдос Мырзахметов
Фото: Жібек Нұрахмет