Өскемендегі көпір мәселесі: жауаптыларға тәртіптік шара қолдану тапсырылды
Халық арасында «понтон көпірі» деп танылған Өскемендегі көпірдің жөндеу жұмыстары тоқтап тұр, ал техникалар пайдаланылмай бос тұр.
Өткен жылдың күзіне қарай көпірдің бір бөлігі жабылып, жылу магистралін жөндеу басталған еді. Бұл қала тұрғындарына қолайсыздық туғызып, жол кептелістеріне себеп болды.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жөндеу жұмыстарын дұрыс жоспарламаған жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен әкіміне көпірдің жөндеу жұмыстарын жеделдету міндеттелді.
Оның айтуынша, көпірдегі жылу магистралін қыс мезгілінде жөндеуді бастау жауапсыз шешім болған. Себебі қажетті жұмыстарды суықта орындау мүмкін болмаған. Соның салдарынан қала тұрғындары айлап кептелісте тұруға мәжбүр болды.
Еске сала кетейік, көпірдегі жылу магистралін жөндеу туралы шешімді қаланың алдыңғы басшылығы қабылдаған болатын. Соның нәтижесінде өткен жылдың қараша айында көпір жабылған.
Сонымен қатар ол Өскемен әкіміне жөндеу жұмыстарына жауапты орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.