KZ
Өскемен
+20°
небольшой дождь жел 4 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Шығыс Қазақстан қараша айының соңына дейін "Қызыл аймақтан" шығатын болады

20.11.2020, 14:36 93

Қазірдің өзінде күніне жұқтырғандар санының айтарлықтай төмендеуі байқалады. Нақты айтқанда 356-дан 249-ға дейін. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен ОКҚ брифингі аясында журналистердің сұрақтарына жауап берген аймақ басшысы Даниал Ахметов хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы өңір басшысына екі апталық мерзім ішінде, яғни қараша айының соңына дейін облысты "қызыл аймақтан" шығару туралы тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстар жандандырылып, күніне екі рет облыс әкімінің тікелей басшылығымен штаб кеңесі өткізіліп, нақты тапсырмалар берілуде.

- Жұмыс нәтижесін біздің төсек-орын қорының жүктемесіне қарап көруге болады, ол небәрі 17 пайызды құрайды. КТ-аппараттары тәулік бойы жұмыс істеуде, қосымша "Фапиравир" тиімді препаратын сатып алдық. Осы және басқа да көптеген шаралар қараша айының соңына дейін аймақтағы COVID-19 жағдайын тұрақтандыруға  мүмкіндік береді деген сенемдемін, - деп қорытындылады облыс басшысы Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив