KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да 20 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық тәркіленген

1.11.2022, 14:20 2 516 Ләззат Қанатқызы

Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 20 қазаннан бастап облыс аумағында жергілікті полиция қызметінің, көші-қон және криминалдық полицияның күштері, сондай-ақ ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою жасағы» КММ инспекторлары тартылған «Браконьер» жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

25 қазан күні Тарбағатай ауданының аумағында «Омбы–Майқапшағай»  тасжолының 29-шы шақырымында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының 58 жастағы тұрғынының басқаруындағы жүк көлігін тоқтатқан, ол рұқсат құжаттарынсыз 20 тоннаға жуық көксерке балығы мен табан балықты тасымалдаған. Келтірілген жалпы шығын 116 миллион теңгеден асады.

- Қаскөйге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған  бапта 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, - деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив