KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
516.13 538.01 5.29

Жаңа бағдарлама жеті бағытты қамтиды - Nur Otan

7.01.2021, 17:46 149
Алдағы бес жылда экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайды жеті бағытта дамытуды көздеген Nur Otan партиясы, негізгі назарды халықтың жайлы тұрмыс-жағдайын жасауға аудармақ. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы атынан Өскемен қалалық мәслихатына сайлауға түсетін үміткерлердің эномәдени орталықтар өкілдерімен сайлауалды үгіт-насихат кездесуі барысында айтылды. 
Осы мақсатты іске асыру үшін бес жылда облыс орталығындағы бес мың үйге электр және жылу энергиясы жеткізіліп, 1,2 млн. шаршы метр тұрғынүй алаңы қала тұрғындарына табысталмақ. Сондай-ақ, осы аралықта қалаға жапсарлас орналасқан 7 ауылдың барлығы дерлік таза ауызсумен қамтылып, шаһар ішіндегі сапалы жолдардың үлесі 85 пайызға артатын болады. 

– Өздеріңізге белгілі 2021 жылдың 10 қаңтары күні еліміздің Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлаймыз, - дейді облыстық Достық үйі директорының орынбасары Равиль Юнусов. – Біз Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері ретінде бастама жасап, алғашқылардың бірі болып дауыс беруіміз керек. Бұл ретте мақсаты айқын Nur Otan партиясына дауыс беретін сайлаушылар өз болашақтарын таңдауда еш қателеспейді деп ойлаймын. Партияның осыған дейін істеген игі істері одан әрі жалғасын табады. Атап айтсақ, алдағы уақытта қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, экономикалық-әлеуметтік тұрақты дамуына бағытталған шаралар кешені күшейтілетін болады. 

Оның айтуынша, алдағы бес жыл аралығында қаланың айналасы жасыл желекпен қоршалып, шаһар ішіндегі ағаштар саны артатын көрінеді. Сонымен қатар, Өскеменге жеткізілетін жаңа қоғамдық көліктер де қаланың өкпесін қабындырған ауасын тазартуға өз үлесін қоспақ. Үстіміздегі жылы облыс орталығының қоғамдық көліктері 90-нан астам автобуспен толығып, балалы жолаушылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмақ.

– Қала тұрғындарын толғандырған мәселелердің ең өзектісі - қоғамдық көлік қатынасы екені бесенеден белгілі, - дейді «Казцинк» ЖШС персоналды оқыту және дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Омарбеков. – Жалпы, аталмыш саланың мемлекет алдындағы есептілігі артса ғана оның көрсететін қызметтерінің сапасы артатыны рас. Бір ғана мысал – Өскемендегі трамвай паркін алып қарауға болады. Кәсібінің қыр-сырын жасырмай, табысын айқын еткен аталмыш ұйым қазіргі уақытта қызметін сапалы ете түскен. Келіп түсетін арыз-шағымдарға уақытылы жауап беріп, қала тұрғындарының кедергісіз жүріп тұруына жағдай жасауда. Кәсіпорын қызмет сапасымен қатар, мемлекетке төленетін салық мөлшерін де еселеп арттырды.

Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу