KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
495.2 522.34 4.94

Голливудтың киноларын кедергісіз көре беретін болдық

11.03.2022, 12:37 352

10 наурызда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Дәурен Абаевтың төрағалығымен елдегі киноиндустрияны дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. 

Оған кинопрокат нарығында танылған отандық компаниялардың басшылары қатысқан.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, қазір шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Голливудтың үш студиясы - Universal Pictures, Warner Bros. және Paramount Pictures-бұрын бекітілген кестеге сәйкес қазақстандық көрермендерге өз картиналарын ұсынуды жалғастырады.

Walt Disney Company және Sony компанияларымен отандық кинопрокатшылар ҚР МСМ қатысуымен тікелей келіссөздер жүргізуде.

- Тиісті келісімдерге қол жеткізу үшін айтарлықтай кедергілер жоқ. Келіссөздер нәтижесі мен қазақстандық кинотеатрлардың одан әрі жұмысының басқа да егжей-тегжейі туралы қосымша хабарланады, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Голливудтық фильмдерді прокаттау мәселесі орысша дубляж жасалған фильмдер келмейтіні белгілі болды дегеннен шықты. Қазір енді фильмдерді қазақша дубляждау керек деген ұсыныстар айтыла бастады. Бұған қатысты сарапшылар да өз пікірлерін білдіріп жатыр.

- Иә, неге жасамасқа? Тек екі проблем шығады. Біріншіден, оған мемлекет ақша бөлсе - жартысы жобаға жетпей желініп кетеді, не холлиуудтің алдында масқара болмайық деп, қажетінен артық бөлініп желінеді. Екіншіден - аударма сапасы. Ол шаруадан тиын істеп қалуға ниеттілер көп, сондықтан былық болары сөзсіз.

Болашақ аударған фильмдер - бөлек әңгіме, олар абыройын ойлайтындар және жылына бір-ақ фильм аударады, сапаны қадағалауға мұрша бар. Ал апта сайын фильм шыға бастаса - оны кім қадағалап отырады?

Қазақ оқырманы да, көрермені де әйтеуір қазақша емес, сапалы қазақша контентке лайық. Не істесек те осыны ойлап барып істейікші. Осы күнге дейін кинотеатрда субтитрге қарап көзінен қанда жас ақпаған адам бар ма? - деп жазды Фейсбук әлеуметтік желісінде белгілі редактор, әлеуметтік желіде белсенді пікір білдіріп жүрген медиатренер Назгүл Қожабек.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу