Полицейлер ерекше баланың арманын орындады – Өскемен
Өскемен қалалық Полиция басқармасының Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына қала тұрғынынан хабарлама келіп түскен.
Хатта қала тұрғыны тәртіп сақшыларынан ұлының туған күнінде оның нағыз патрульдік көлікке отыру туралы арманын орындауды өтініпті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
14 жасар Қуандық бала кезінен церебральды сал ауруымен ауырады. Анасының айтуынша, ол ерте жастан бастап патрульдік полиция қызметкері болуды армандаған. 24 қаңтар – Қуандықтың туған күнінде оның арманы орындалды.
Қуандықтың анасы өз кезегінде Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция батальонының басшылығы мен қызметкерлеріне ұлының арманын орындауға көмектескені үшін шын жүректен алғысын білдірді.