ШҚО: Бір күнде екі бірдей қайғылы жол апаты болды
Фото: Polisia.kz
ШҚО-да 9 шілде күні 2 бірдей қайғылы жол апаты болып, 3 адам көз жұмды.
Қазіргі уақытта екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кеше сағат 11.50 шамасында Омбы – Майқапшағай тасжолының 1247-шақырымында Кенсай және Жарсу ауылдарының қиылысында жол-көлік оқиғасы болып, 6 жастағы бала көз жұмды.
Артынша сағат 13.30 кезінде Өскемен – Рахман қайнарлары тасжолының 53 шақырымында жол апаты тіркеліп, салдарынан 2 адам көз жұмып, бірнеше жолаушы дене жарақатын алды, дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған екі дерек бойынша да тергеп-тексеру жұмыстары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
"Құрметті жүргізушілер, полиция департаменті сіздерді жол жүру ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және көліктеріңіздің жарамдылығын бақылауға алуға шақырады", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз