KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

Өскеменде жоғалған жігіт өлі табылды

Фото: otyrar.kz

14.12.2023, 19:18 131 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында жоғалып кеткен 17 жастағы жігіттің денесі табылды.

Қайғылы оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- 14 желтоқсан күні сағат 14:00 шамасында іздеу іс — шаралары барысында жоғалған 17 жастағы жігіттің денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт өз-өзіне қол жұмсаған. Істің мән-жайы анықталу үстінде, - деді облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 17 жастағы өскемендік тұрғынның хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған едік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу