Глубокое ауданында отқа орынған үйден әйел адамның денесі табылды
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Глубокое ауданында жеке үйден өрт шығып, бір адам көз жұмды.
Оқыс оқиға14 қаңтар күні Белоусовка кентіндегі Пушкин көшесінде болған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау төсекте жатып темекі шеккеннен шығуы мүмкін.
Оқиға орнына келген құтқарушылар барлау барысында дәлізден 31 жастағы әйел адамның денесін тапты.
- Үйдегі жиһаз, тұрмыстық техника мен заттар жанып кеткен. Өрт сөндірушілер жалпы аудан 16 шаршы метрді шарпыған қызыл жалынды ауыздықтады, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз