Қабанбай ауылының тұрғындары лауазымды тұлғаға шара қолдануды сұрады
Фото: kz.otyrar.kz
Әлеуметтік желіде мас күйінде көлік тізгіндеп келген белгісіз ер адамның қарт әйел мен оның ұлына қол көтергені туралы видео тарай бастады.
Ондағы ақпаратқа сүйенсек, оқиға Тарбағатай ауданына қарасты Қабанбай ауылында болған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Аталмыш бейнежазба Instagram әлеуметтік желісіндегі centr_prava_oskemen паблигінде жарияланды.
Бейнежазбаға қосымша берілген ақпаратта тәртіп бұзған ер адам ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының инспекторы екені көрсетілген. Тұрғындар полициядан лауазымды тұлғаға шара қолдануды сұраған екен.
Бұл оқиғаны ШҚО Полиция департаменті растап отыр.
Сонымен қатар, ол зардап шеккендердің емдеу шығындарын өтейтін болады.