«Әлемдік жүгіру» эстафетасы тізгінді Қазақстанға бұрды

Ресей, Белоруссия, Латвия спортшылары қазақ даласымен жүгіріп өтті. 10-шы жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан эстафетаға қатысушылар түрлі континентте болып қайтқан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Атаулы эстафетаның басты мақсаты - ұлттар арасындағы достастықты дамыту, халықты салауатты өмір салтына шақыру.
– Қазір адамдар бізге үйреніп қалды. Ерекше құрмет танытып, зор қуанышпен қарсы алады. Бізге таң қалуды да қойған. Әр қала-аудандардағы жұртшылықтан қуат аламыз, – дейді акция ұйымдастырушысы Дәурен Оспанов.
Ал Латвиялық Гундага Гайла болса, «Әлемдік жүгіру» эстафетасының әр мемлекет үшін маңызы зор екендігін айтады.
– Алғашқыда мен Латвияда жүгіре бастадым. Алайда мемлекеттің ауданы айтарлықтай үлкен болмағасын небәрі 3-4 күннің ішінде-ақ айналып шығатынмын. Дәл осы жоба арқылы мен әлем көріп, әр ұлттың тыныш-тіршілігімен танысудамын. Қазақстанға алғаш келуім, қазақ елі ерекше қонақжайлылығымен есте қалары анық, – дейді латвиялық спортшы қыз Гайла.