KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

«Торпедо» «Динамодан» ұтылып қалды

18.10.2018, 07:49 203


Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында қонақта Санкт-Петербордың «Динамосымен» шеберлік байқасқан өскемендік «Торпедо» 1:2 есебімен жеңіліс тауып, турнирлік кестеде бес сатыға төмен сырғыды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл кездесудегі есепті матчтың 12-ші минутында торпедолықтар ашты. Көзге түскен шабуылшы Аркадий Шестаков болды. Дегенмен, ойын барысында қарсыластарына қарағанда анағұрлым ширақ қимылдаған айдын иелері екінші кезеңнің ортасында таразы басын теңестіріп қана қоймай, үзіліске дейін алға да шығып үлгерді. Өкінішке қарай, бұдан кейін жерлестеріміз есепті теңестіруге қанша тырысса да, дегендеріне жете алмады. Қорытынды есеп 2:1 «Динамо» пайдасына.


15 ойыннан кейін 16 ұпай жинаған өскемендік ұжым қазір турнир кестесінің 15-ші сатысында орналасуда. Келесі кездесуін жерлестеріміз ертең қонақта тағы бір петерборлық команда «СКА-Невамен» өткізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив