KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

ШҚО жеңілатлеттері 11 жүлде жеңіп алды

29.01.2019, 08:32 120


Өскеменде жеңіл атлетикадан бірінен кейін бірі өткен үш ірі жарыстың соңғысы аяқталды. Атап айтсақ, Қазақстан кубогы мен Ольга Рыпакованың жүлделері сарапқа салынған халықаралық турнирден кейін кезек ел біріншілігіне келіп жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Биылғы додаға республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған 300-ден астам спортшы қатысып, жеңіл атлетиканың 33 түрі бойынша сынға түсті. Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде өткен біріншілікте облысымыздың намысын 48 атлет қорғады. Оның бірқатары жүлделі орындардан көріне білді. Мәселен, Надежда Дубовицкая биіктікке секіруде топ жарса, Андрей Соколовқа 400 метрге жүгіру сайысында тең келер ешкім болмады. Жарыста жуықта ғана еліміздің азаматтығын алған экс-кениялық Каролин Кипкируи, Шедрак Коэч, Нора Джеруто мен Дейзи Джипкемей де жақсы нәтиже көрсетті. Эстафеташыларымыз да жеңіс тұғырына көтерілді.


Жалпы алғанда, чемпионат қорытындысы бойынша жерлестеріміз төрт алтын, төрт күміс және үш қола медальға ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив