KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

«Алтай» қарсыластарынан ұзап барады

24.01.2019, 11:57 278


Қарағандыда волейболдан Ұлттық лига командалары арасындағы ел чемпионатының үшінші тур ойындары аяқталды. Көш басындағы «Алтай» басты қарысластары – талдықорғандық «Жетісу» мен павлодарлық «Ертіс-Қазхром» бастаған қуғыншы топтан одан сайын ұзай түсті, деп хабарлайды Алиайньюс тілшісі.


Дегенмен, Қарағандыда өткен ойындарының бірінде жерлестеріміз де сүрінді. Осыған дейін жазғанымыздай, алтайлықтар турнир кестесінің екінші орнында келе жатқан «Жетісудан» ұтылып қалған-ды, есеп 2:3. Алайда, қалған алты кездесуде Юрий Панченко шәкірттері қателікке бой алдырмады. Бір атап өтерлігі, бұл матчтарда жерлестеріміз қарсыластарына бір-ақ партияда ғана есе жіберді («Алтай» – «Алматы» 3:1, партиялардағы есеп 25:23; 21:25; 25:21, 25:15). Басқа қарсыластарын, оның ішінде «Ертіс-Қазхром» мен «Алтай-2» де бар, ел чемпиондары 3:0 есебімен сенімді жеңді.


«Алтай-2» демекші, әзірге турнир кестесінің төртінші сатысында тұрған Борис Якимушкиннің командасы бұл турда тіркелген басты сенсацияның авторы атанды. Өскемендік ұжым жарыс фавориттерінің бірі «Жетісуды» 3:2 (25:17; 22:25; 14:25; 25:20; 15:11) есебімен тізе бүктіріп, «Алтайдың» кегін алғандай болды.


Айта кетейік, турнир кестесінің бірінші орнында тұрған «Алтай» дәл қазір басты қарсыласы Талдықорғанның «Жетісуынан» жеті ұпай алда тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив