KZ
Өскемен
+3°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

«Алтай» арулары «Жетісудан» тағы жеңілді

18.01.2019, 11:53 192


Өскемендік «Алтай» волейбол клубының қыздары биылғы ел біріншілігінде екінші рет сүрінді. Өткен жылдың қараша айындағыдай бұл жолы да жерлестерімізді талдықорғандық «Жетісу» ренжітті.


Қарсыластар арасындағы ойын 3:2 (партиялардағы есеп 25:18, 25:27, 25:23, 22:25, 15:9) есебімен жетісулық команданың пайдасына аяқталды. Естеріңізге салайық, Юрий Панченко шәкірттерінің биылғы додадағы бірінші жеңілісі 2018 жылдың қараша айында Өскеменде тіркелген болатын. Сол жолы алтайлық арулар қарсыластарынан 0:3 (20:25, 16:25, 15:25) есебімен ойсырай ұтылған-ды.

Осы жеңілісіне қарамастан, «Алтай» жарыс кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалуда. Өскемендік ұжым екінші орындағы «Жетісудан» (42 ұпай) төрт ұпай алда тұр.


Естеріңізге салайық, Ұлттық лига командалары арасындағы ел чемпионатының кезекті тур ойындары Қарағанды қаласында өтуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив