KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскемендіктер Азия чемпионатының жүлдегерлерін күтіп алды

13.02.2023, 15:12 424 Ләззат Қанатқызы

Еліміздің спортшылар жеңіл атлетикадан X Азия чемпионатын сәтті аяқтады. Чемпионатқа 31 елден 360 спортшы қатысып, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орын алды.

Бүгін облыс орталығының тұрғындары чемпионат жүлдегерлері Элина Михина мен Елизавета Матвееваны қарсы алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жерлесіміз 400 метр қашықтықты 54 секундта еңсеріп, Азия чемпионы болды.

- Осы жолғычЧемпионаттан ерекше әсер алдым. Осындай нәтиже көрсете алғаныма шын қуаныштымын. Енді аздап демалыс алып, қайта жаттығуларыма кірісемін, - деді чемпион Элина Михина.

Ал, Елизабет Матвеева биіктікке секіруден үшінші орынға ие болды.

- Осындай ауқымды іс-шарада жақсы нәтиже көрсеткен спортшыларға ризамын. Қарсыластарымыз өте мықты болды. Мен тіпті үшінші орынға да іліге алмай қалуым мүмкін еді. Енді жаттығуларды күшейтетін боламыз. Алда Ольга Рыпакованың жүлделері басталады, - деді Елизавета Матвеева.

Естеріңізге сала кетейік, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға Жапония (15 медаль), Қазақстан екінші орынға (12 медаль) және Катар (8 медаль) үштікті түйіндеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу