KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, С
504.34 556.34 5.97

Қазақстандық боксшы жекпе-жек өткізбесе де, WBC рейтингінде көтерілді

6.06.2021, 10:09 171

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) әлемдік рейтингін жаңартты. Қазақстандық Айдос Ербосынұлының жаңа рейтингте орны өзгерді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші орта салмақта ол үздік ондыққа жақындады - 12-ден 11-орынға көтерілді. 

Айта кетейік, ол көктемде жекпе-жек өткізуі керек болған, алайда коронавирус жұқтырып, кездесу өтпей қалған еді. 

Басылым мәліметінше, бірінші жартылай орта салмақта бұрын 8-орында тұрған қазақстандық Батыр Жүкембаев ТОП-15 тізімінен шығып қалған. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу