KZ
Өскемен
+2°
небольшой дождь жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ШҚО-да жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады

Фото: xakac.info

4.10.2023, 15:39 678 Ләззат Қанатқызы

Қазгидромет синоптиктері 5-7 қазан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды

Таяу күндері Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңір тұрғындарын жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Күндізгі уақытта еліміздің солтүстігінде 15-23 градусқа дейін жылынады, оңтүстікте 20-28 жылы күн райы сақталады.

Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райының тұрақсыз сипаты болады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.

- Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүреді,- дейді синоптиктер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив