KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
520.91 544.25 5.29

ШҚО-да ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін

6.01.2024, 09:03 315 Ләззат Қанатқызы

«Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, 6-8 қаңтар күндері еліміздің басым бөлігінде қар, қар аралас жаңбыр болуы ықтимал, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Алдағы тәуліктерде белсенді атлантикалық циклонның науқаны мен онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, оңтүстік облыстарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, - дейді синоптиктер.

Кей өңірлерде қатты жауын-шашынмен бірге көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстік және шығысында ауа температурасы күрт төмендейді деп болжап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу