Полиция көлігіне тас лақтырған риддерлік тұрғын ұсталды
28 жастағы Риддер қаласының тұрғыны полиция бөлімшесінің алдында тұрған "ВАЗ" маркалы қызметтік көлігіне тас лақтырған.
Салдарынан көліктің алдыңғы бөлігі зақымданған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған бап бойынша 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Күдікті екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза күтіп тұр.
Оқи отырыңыз