Интернет алаяқтардан қалай қорғану керек?
Фото: stan.kz
Соңғы жылдары Қазақстанда, елімзде ғана емес, жалпы әлем елдерінде интернет алаяқтыққа тыйым болмай тұрғаны рас. Технология дамыған сайын, оның тілін мықты меңгерген әккілердің құрығы ұзарып барады. Алдап-арбау әдіс-тәсілдері де күн санап мың құбылуда. Сол үшін де интернет-алаяқтық – ең көп тараған қылмыстардың бірі болып отыр.
Киберқылмыскерлердің құрбаны болғандар қатарында шығысқазақстандықтар да жоқ емес. Құқық қорғау органдары таратқан ақпаратқа сүйенсек, өткен 2023 жылы облыста интернет желісін пайдалану арқылы жасалған қылмыстардың 700-ден астам фактісі тіркеліп, тұрғындарға 800 миллион теңгеден астам шығын келтірілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі,
Ал, ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, елімізде соңғы жеті жылда интернет-алаяқтық саны 10 есеге, яғни екі мыңнан 20 мың қылмысқа дейін өскен.
Екіншіден, ЭниДеск, ТимВивер, ХопТуДеск, Кенгуру сияқты түсініксіз қосымшалар орнатуды өтінеді. Осылайша, тұрғындар атынан несие рәсімдеуге мүмкіндік алады. Жедел уәкіл өз кезегінде жаңа алаяқтық түрлері пайда болғанын негізге алып, WhatsApp мессенджерінде бөтен нөмірден келген сілтемелерді бірден ашпау керектігінде ескертеді. Себебі сілтемеге кірген минуттан бастап парақшаңыз алаяқтың иелігіне өтіп, сізге қолжетімсіз болады. Яғни, бұғатталып қалады. Риддерде жыл бастала салысымен 17 адам аталған алаяқтық түрінен зардап шеккен.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, интернет алаяқтықтың басқа қылмыстардан ерекшелігі – территориялық шектеу жоқ. Оның қашан ашылатындығы, қылмыстың қай жерде болғанын анықтау ұзақ мерзімге созылады. Себебі өзге мемлекетте отырып та өз жымысқы ойын іске асырғысы келетіндер бар. Сондықтан да оны іздеу ұзаққа созылатын көрінеді. Сол себепті де алаяқтардың құрбаны болмау үшін, ешкімге және ешбір жағдайда өзінің жеке деректерін беруге болмайтынын тағы бір еске саламыз. Егер құқық қорғау органдарының қызметкері қоңырау шалса олар сізде іс материалымен танысу үшін полиция бөліміне шақыруы керек. Сондықтан мән-жайды білмей жатып аударым жасаудан аулақ болған жөн.
Интернет алаяқтықтың күн өткен сайын күшейіп бара жатқанын алға тартқан полиция қызметкерлері азаматтарға күдікті қоңырау мен хабарламалар алған жағдайда «102» арнасына дереу хабарласып, шағымдануы керектігін айтады. Содан кейін банктің сенім телефонына қоңырау шалу қажет. Ал егер ақша әлі де шотта сақталған болса, оны бұғаттап, телефонды авиарежимге қойып, полиция қызметкерлеріне хабар берген жөн.
Ал, тұрғындар алаяқтардың жымысқы әрекетіне тап болмас үшін бірнеше қарапайым ережелерді сақтау қажет.
Атап айтсақ:
- Ең алдымен кез келген смартфонға антивирус орнатылуы қажет. Ол сіздің телефоныңызды тексерілмеген сайттардағы зиянды ақпараттардан қорғайды;
- Қандай қосымша болмасын тек ресми көздерден (Play Market, Uppstor) орнатыңыз.
- Ешкімге және ешбір жағдайда өзінің жеке деректерін хабарлауға және беруге болмайды – ЖСН, карточка нөмірлерін, Пин-кодтар мен СМС-тер және де карта ішкі жағындағы 3 таңбалы нөмірді.
- 2 аптада бір рет онлайн-банкингтердегі құпия сөздерді өзгертіп отыру керек.
- Телефонға келген СМС-кодтарды міндетті түрде өшіріп отырыңыз және бөгде біреуге айтпаңыз.