KZ
Өскемен
-9°
туман жел 3 м/с, ОШ
516.13 538.01 5.29

ШҚО-дағы демалыс орындарының бірінен 5 млн тұратын гидроцикл ұрланды

27.08.2021, 17:52 248

Көкпекті ауданы полиция бөлімінің 33 жастағы ер адам жүгініп, Көкпекті ауданының Новостройка ауылынан 6 шақырым жерде орналасқан Бұқтырма су қоймасының жағасынан белгісіз тұлғалар «BRP» гидроциклін ұрлап кеткенін хабарлаған. Шығын көлемі 5 000 000 теңгені құрады.

Шағым иесі 2015 жылы гидроциклді сатып алғанын айтқан. Ол көлігін Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы базадан 200 метр қашықтықта, қараусыз және күзетсіз тұрғанын түсіндірген.

Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан демалыс базаларының бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу және бейне бақылау камераларын қарау кезінде судың жағасында тұрған гидроциклді батыс бағытта итеріп жатқан белгісіз үш адам болған, сондай-ақ сол бағытта автокөлік фарасы жанып тұрған.

Демалыс базасының бейнебақылау камералары жазбасын зерделегеннен кейін сол күні түнгі уақытта Бұқтырма су қоймасының жағалауынан «Көкпекті-Васильев өткелі» тасжолына қарай жолмен тіркемесі бар автомашина өтіп бара жатқаны көрінген. Жедел уәкілдер бейнежазбаның көмегімен «Чечек» ауданында қаскөйдің автокөлігін анықтаған. Оның иесі Риддер қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты.

- Қаскөйді анықтағаннан кейін Самар ПБ криминалдық полиция қызметкерлері дереу Риддер қаласына жедел жеткен, онда Риддер қ.ПБ қызметкерлерімен бірге 20-35 жас аралығындағы ұрлыққа қатысы бар үш жергілікті тұрғын ұсталды, олар тергеу барысында кінәларын мойындады. Ұрланған гидроцикл иесіне қайтарылды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу