KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 3 м/с, ОШ
516.13 538.01 5.29

Медбике науқастарға құрамында есірткісі бар дәрі-дәрмектер берген - Өскемен

5.03.2021, 15:56 100

«Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде Өскемен қаласының полицейлері қаланың дәрігерлік амбулаторияларының біріне тексеру жүргізген. Тексеріс барысында 34 жастағы медбикеден құрамында есірткісі бар дәрі-дәрмектерді тіркеу және беру бойынша бұзушылықтар анықталды.

-Оқиға болған жерден перапараттар мен рецептуралық бланкілер тәркіленіп алынды,- деді ШҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы Василий Гриценко.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 303-бабының 1-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу