Семей: Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне қайтарылды
Видеодан скринделген сурет
Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне қайтарылды.
Бұлақ ауылынан барлығы 117 адам эвакуацияланған, оның ішінде 50 бала бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, Семей орманындағы алапат өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген болатын.
"Қазір жағдай тұрақталды, биліктің толық бақылауында. Тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды", - деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз