Өскемен қаласының әкімі Пушкин кітапханасына ерекше сыйлық жасады

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының қоры "Өркендеген Өскемен. Процветающий Усть-Каменогорск. The Prospering Oskemen» атты жаңа фотоальбоммен толықты.
Өлкетану коллекциясына сыйлық ретінде альбомды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар сыйға тартты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кетейік, фотоальбомды Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ақберен Елгезек пен журналист Мерей Қайнарұлы құрастырған.
Басылымды дайындауға еліміздің талантты деген 18 фотограф қатысқан көрінеді. Фотоальбомның жеті тақырыптық тарауының әрқайсысында шағын кіріспе мақалалар бар, оның авторлары облыстың белгілі жазушысы Шәкерхан Азмұхамбетов пен ақын Қызырбек Дүргінбай.