KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
501.49 525.71 5.77

Металлург саябағына киіз үй тігіледі – Өскемен

16.03.2023, 10:21 441 Оразай Жеңісұлы

Бірнеше жыл бойы Республика алаңының сәнін кіргізген алтын түстес киіз үй Металлург саябағына тігіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізде болса, бұл киіз үйді қала билігі 2019 жылы бюджеттен 7 000 000 теңге бөліп сатып алған.

– Сәндік киіз үй Республика алаңына Наурыз сайын тігілетін және қала тұрғындарына қатты ұнады. Биыл орнын ауыстыруды жөн деп таптық. Жалпы, Наурыз мейрамы аясында Өскемендегі барлық саябақтар безендіріледі, – дейді ішкі саясат бөлімінің басшысы Әлібек Тұрсымбетов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу