KZ
Өскемен
+5°
туман жел 3 м/с, С
520.48 574.61 6.06

"Борат" фильмінің жалғасы қашан шығатыны белгілі болды

30.09.2020, 07:19 182

"Борат" фильмінің жалғасы АҚШ-тағы президент сайлауының алдында Amazon платформасында шығады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Variety басылымының мәліметінше, картинаның екінші бөлімі Borat: Gift Of Pornographic Monkey To Vice Premiere Mikhael Pence To Make Benefit Recently Diminished Nation Of Kazakhstan деп аталады.

Фильмнің пандемия кезінде жасырын түсірілгені айтылады. Сюжетте не айтылатыны да белгісіз.

Deadline мәліметінше, фильмнің премьерасы Amazon Prime Video видеосервисінде қараша айындағы АҚШ сайлауына дейін 23 қазанда өтеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу